Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Көлігіңді тіркеп беремін": Түркістанда танысын алдап соққан тұрғын ұсталды

Түркістанда полиция танысын шетелдік көлікті тіркеп беремін деп алдаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Күдікті ер адам танысына Daf жүк көлігін Германия есебінен шығарып, тіркеуіне қойып беремін деп жалған уәде берген. Жәбірленушіге 4,5 миллион теңге шығын келтірген. Ол үлкен көлемдегі қаражатты өзінің қарыздарына құйған.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері бұл ер азаматтың тағы бір адамды алдап, осы тектес қылмыс жасағанын анықтады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру