Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлігінің терезесі күңгірттелген жүргізушіні Түркістан облысының полицейлері жауапқа тартты

Түркістан облысының полицейлері көлігінің терезесін күңгірттеп жүрген жүргізушіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ АПБ ЖПҚ ППТ аға қызмет инспекторы Тұрсынхан Пешеков күнделікті қызметін атқару кезінде кезекті әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Яғни тәртіп сақшысы, Шолаққорған ауылы С.Қожанов көшесінде “Toyota Camry” маркалы көлігін жол қозғалысы ережесін бұзып, терезесін күңгірттеп алғаны үшін тоқтатады. Нәтижесінде, сол сәтте бірден көлік терезесін күңгірттеген жапсырма алынып тасталды. Құжаттарын тексеру барысында көліктің сақтандыру полисінің мерзімі өткені және техникалық байқаудан өтпегені белгілі болды.

Полицей жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіге қатысты заңға сәйкес ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару), 590-бабы 9-бөлігі (Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару), 230-бабымен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) хаттамалар толтырылды.

Жалпы Созақ аудандық полицейлері жол ережесін бұзушыларды анықтауға бағытталған іс-шараларды тұрақты өткізіп отырады. Оның ішінде қауіпсіздік белдігін қолданбау, ұялы телефон пайдалану, басып озып кету, автокөліктерді масаң күйде басқару, жолдың қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, маневрлау, көше қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өтпесінен өту жағдайларымен байланысты жасалған құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыруда. Сондықтан автокөлік иелерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көлік құралын құжатсыз басқармауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы жүргізуші куәлігінен айыруға, әкімшілік қамауға немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру