Көлігінің терезесін күңгірттеген 60-қа жуық ақтаулық жүргізуші анықталды
Ақтау қаласында тамыз айының басынан көлігінің терезесін күңгірттеген 60-қа жуық жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтау қаласы ПБ Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері тәулік бойы қала жолдарында жүргізушілердің көлік басқару тәртібін арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бойынша жұмыс жасайды.
Жекелеген көлік құралдарының жүргізушілері алдыңғы шеткі әйнектерін күңгірттеп, қорғаныс перделерін қойып, сол арқылы қолданыстағы ережелерді бұзып жатады. Мәселен, осы тамыз айының басынан бері осындай 54 жүргізуші анықталды.
Бұл ережені бұзғаны үшін жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК 590-бабы 5-бөлігі бойынша жауапкершілік көзделген.