Көлігінің терезесін күңгірттеген кезекті шымкенттік жауапқа тартылды
Шымкентте көлігінің терезесі күңгірттелген кезекті жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 26 сәуір күні Шымкент қаласы ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері қаладағы А. Байтұрсынов көшесінде «Priora» маркалы автокөлігінің терезесі күңгірттелгені туралы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне хабарлады.
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқарып жүрген аумақтарында хабарламаны қабылдап, А. Байтұрсынов көшесінің бойында «Priora» маркалы автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында жүргізуші көлігінің терезесін қайтадан күңгірттеп алғандығы анықталды.
Нәтижесінде жүргізуші жол жүру ережесін қайталап бұзғаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен (Күңгірттеу) әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыптұраққа жеткізілді.