Көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қайтадан көлік тізгініне отырған
Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 желтоқсанда сағат 01:26-да Жаңақорған ауданы көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жеңіл автокөлікті тоқтатқан.
Көлік басқарып келе жатқан азаматтың сот шешімімен 2019 жылғы 7 шілдеде көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айырылғаны анықталды, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, жол қозғалысына басқа қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.