Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қайтадан көлік тізгіндеп, жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қаңтар күні сағат 20:00-де облыс орталығында екі автокөлік соғысып, жол-көлік оқиғасы орын алған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан адамдар зардап шеккен жоқ.

Алайда тексеру барысында жүргізушілердің бірінің көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды. Бұған қоса, оның 2019 жылдың 12 ақпанында сот шешімімен үш жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Аталған азамат бұған қарамастан мас күйінде қайтадан көлік тізгіндеген.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны болып табылатын жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында облыс тұрғындарына жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру