Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік басқару құқығынсыз рульде болған түркістандық мас жүргізуші анықталды

Түркістан облысында екінші рет мас халде көлік басқарған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күнделікті жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, түрлі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдеу қызметтеріне шыққан Түркістан ҚПБ Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы Жақсылық Қалқабаев, таңғы сағат 04:00 шамасында қала көшелерінің бірінде бұрылыс шамдарын жақпай келе жатқан Оpеl Vectra көлігін байқап, тоқтатады. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде 2019 жылы Түркістан қаласы мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, куәлігінен 25 қаңтар 2022 жылға дейін айырылғаны белгілі болды. Сондай-ақ жүргізушінің ішімдік ішкеніне күдік туындап, медициналық куәландырудан өткізіледі. Нәтижесінде жүргізушінің мас халде екені белгілі болды.

Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүгізілуде. Жүргізушінің бас шарасы «қолхатта».

Осы тұста Түркістан облысының полицейлері көлік жүргізушілеріне жылдамдықты асырмаңыздар, ащы суды ішіп, рульге отырмаңыздар, жолға шыққанда барлық құжаттарыңызды талапқа сай етіп алып жүріңіздер деп ескертіп, кеңес береді.і

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру