Көлік ішінде балалар болған: ақмолалық полицейлер түнде жолда тұрып қалған жүргізушіге көмектесті
Ақмолалық полицейлер түнде жолда тұрып қалған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы Полиция департаментінің ведомстволық парақшасына Көкшетау қаласының 30 жастағы тұрғыны жазды.
Ер адам 14 қараша күні кешкі уақытта әпкесі мен оның төрт айлық баласын елордалық ауруханадан алып келе жатқанын айтты. Салонда жүргізушінің әйелі, әпкесі және оның екі баласы болған.
Ер адамның айтуынша, ол көлікті жақында сатып алған және «қосалқы дөңгелегін» әлі қолданбаған.
– Нұр-Сұлтан-Щучинск автожолының 247 шақырымында Көкшетау қаласына қарай бара жатқан кезде түнгі сағат 03:00-де оның автокөлігінің дөңгелегі тесіліп қалған. Қиын жағдайға тап болған жүргізуші абыржып қалды, өйткені көлікте екі бала мен әйелдер болды, ал сыртқы ауа температурасы нөлден төмен. Бақытымызға орай, осы уақытта Ақмола облысы ПД БПП взводының қызметкерлері Қуаныш Үмбетов пен осы жол учаскесін патрульдеген Аслан Беков көмекке келді, – деп атап өтті полицияда.
Полиция қызметкерлері жүргізушіні Щучинск қаласына жеткізді, онда дөңгелектері алмастырылды. Полицейлердің арқасында тұрғындар Көкшетауға аман-есен жетті.
Айта кетейік, Марат пен оның жұбайы екеуі де дәрігер, отбасы полицейлерге алғыстарын білдірді.