Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейі шұңқырға құлап кеткен азаматқа көмектесті

Көлік полицейі шұңқырға құлап кеткен азаматқа көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға Қонаев станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында болды. Полиция қызметкері Азамат Ештай кезекті рет Жетісу станциясындағы қызмет көрсету учаскесін патрульдеуге шыққан болатын. Кенеттен жас полицей ер адамның шұңқырға құлап, өздігінен шыға алмай жатқанын байқады. Ол дереу шұңқырға жүгіріп барып, қолында бар, тапқан құралдардың көмегімен ер адамға шұңқырдан шығуға көмектеседі.

Содан кейін жәбірленушіге медициналық көмек ұсынған болатын, алайда ер адам одан бас тартты. Кейін полиция қызметкеріне көмекке келгені үшін өз алғысын айтып, үйіне қайтты.

Ештай Азамат қызмет барысында өзін тек жақсы қырынан көрсетіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру