Көлік полицейлері Ақмола облысының тұрғынынан ірі көлемдегі есірткі тәркіледі
Көлік полицейлері Ақмола облысының тұрғынынан ірі көлемдегі есірткі тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Көкшетау көлік прокуратурасымен бірлескен іс-шара барысында Ақмола облысының 52 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту кезінде оның үй ауласынан құрамында есірткі бар өсімдіктер – марихуананың 472 бұтасы табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 72 келіге жуық болды.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған дерек бойынша құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.