Көлік полицейлері ақпараттық түсіндіру акциясын өткізді
Көлік полицейлері ақпараттық түсіндіру акциясын өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Адам саудасына қарсы халықаралық күрес күні аясында көліктегі полиция департаменті елорданың негізгі көлік тораптарында — халықаралық әуежай мен Нұрлы жол теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізді.
Көліктегі ПД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ІІМ ҰҚКД, Астана қаласы ПД ҰҚҚБ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, адам саудасының белгілері мен сенім телефондары көрсетілген ақпараттық материалдар таратты, азаматтарға құқықтық кеңес беріп, халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.
Халықаралық ұйымдардың деректеріне сәйкес, жыл сайын мыңдаған ерлер, әйелдер мен балалар адам саудасының құрбанына айналады. Бұл трансұлттық қылмыс шекараға бағынбайды және елдердің қылмыстық тізбектегі орнына қарамастан — шыққан, транзиттік немесе межелі мемлекет болуына қарамастан — барлық елдерге әсер етеді.
Іс-шара ұйымдасқан түрде өтіп, алдын алу мен ведомствоаралық өзара іс-қимылға баса назар аударылды.