Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері азаматтарды теміржол бойында жүріс-тұрыс қағидаларын қатаң сақтауға шақырады

Көлік полицейлері темір жолдарда белгіленбеген жерлерден өткен тұлғалар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2025 жылдың басынан бері көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 972 фактісі тіркелді. Оның 211-і жол бойында адамдардың болуына байланысты, ал 725-і үй жануарларының кесірінен болған және т.б. темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 29 350 азамат жауапкершілікке тартылды.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында көлік полицейлері теміржол қызметкерлерімен бірлесіп тұрақты түрде алдын алу шараларын жүргізуде.

Қайғылы жағдайлардың негізгі - себебі әлі де азаматтардың қауіпсіздік ережелерін бұзуы мен темір жолдарды белгіленбеген жерлерден кесіп өтуі болып табылады. Сонымен қатар теміржол нысандарында алкогольдік мас күйінде жүріп жазымға ұшырағандар да бар. Бұл жағдайлар адам өліміне, пойыз қозғалысының кестесінің бұзылуына, тіпті апаттық жағдайлардың туындауына әкеледі.

Мәселен, тек соңғы тәулікте Қостанай және Жетісу облыстарында екі оқиға тіркелді. Екі жағдайда да азаматтар темір жолдарды белгіленбеген жерлерден кесіп өткен. Машинистердің шұғыл әрекет етуінің арқасында пойыз тоқтап, қайғылы жағдайлардың алдын алу мүмкін болды. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды.

Темір жол – аса қауіпті аймақ болғандықтан, оның ережелерін сақтау өте маңызды. Сондықтан темір жолды тек арнайы белгіленген және жабдықталған жерлерден кесіп өтуге болатынын тағы бір мәрте еске саламыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру