Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топты ұстады

Көлік полицейлері бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасын үйлестіруімен, Қазақстан, Украина және Ресей Федерациясының азаматтарынан құралған трансұлттық ұйымдасқан топты ұстады. Олар ұзақ уақыт бойы республика аумағында бағалы металдардың заңсыз айналымын жүзеге асырған. Бұл жөнінде департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Теміржан Рамазанов хабарлады.

Т. Рамазановтың айтуынша, қылмыстық топ Ақмола облысында орналасқан шахтадан құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіруді ұйымдастырған. Қолдан жасалған шикізат зергерлік бұйымдарды жасау үшін астыртын шеберханаларға жіберіліп, одан әрі әйгілі зергерлік үйлердің брендтерімен сатылған. Бұйымдар әуе және теміржол көлігі арқылы тасымалданған.

Жүргізілген тінту іс-шаралары барысында кен өңдеуге арналған жабдықтар, алтын құймалар, 15 келіден астам зергерлік бұйым, биркалар мен сертификаттар, 19 тонна кен, 1,5 келі сынап, 20 келіден астам жарылғыш зат тәркіленді.

Қылмыстық топ рөлдердің нақты бөлінуімен ерекшеленді: шахта құрылтайшылары, шикізат өндіруді ұйымдастырушылар, аффинажшылар, зергерлік шеберлер, сатуға және брендтеуге жауапты адамдар.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 295-1 және 264-баптары бойынша жүргізіліп жатыр. 17 адам күдікті деп танылып, оның 10-ы қамауға алынды, өзге адамдардың осы қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру