Көлік полицейлері балаларды жаңа жылдық мерекемен құттықтады
Көлік полицейлері балаларды жаңа жылдық мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа 2026 жыл қарсаңында Астана қаласындағы "Жастар" театрында көліктегі полиция департаменті қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік жаңа жылдық іс-шара өтті. Жарқын әрі есте қаларлық таңғы мереке жас қонақтар үшін нағыз сыйлыққа айналды.
Мереке бал-маскарад форматында ұйымдастырылды. Мерекелік безендірілген зал, түрлі-түсті шамдармен жарқыраған жаңа жылдық шырша мен ертегідей атмосфера балаларды бірден сиқырлы әлемге жетеледі. Кішкентай қонақтар түрлі карнавалдық костюмдер киіп, перілерді, қояндарды, гномдарды және өзге де ертегі кейіпкерлерін бейнеледі.
Мерекенің басты қонақтары — Аяз ата мен Ақшақарды балалар ерекше қуанышпен қарсы алды. Жас қатысушылар ойын-сауық бағдарламасына белсенді қатысып, түрлі байқаулар мен ойындарға араласты, шырша айнала ән айтып, би билеп, өлең оқыды. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі залды шынайы мерекелік атмосфераға бөледі.
Балалар мен ата-аналарға құттықтау сөз сөйлеген көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Ондасын Аштаев жасөспірімдерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, бақыт пен армандарының орындалуын тіледі. Сонымен қатар ол мектептегі қысқы демалыс кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Мерекелік бағдарлама "Үй таңдаған лақ" атты театрландырылған қойылыммен жалғасты. Қойылым балаларға ерекше әсер сыйлап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Іс-шара соңында әр балаға тәтті жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
- Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шынайы бақыт — мерекенің сәтті өткенінің айқын дәлелі. Олардың Жаңа жыл ғажайыбына деген сенімі бізге шабыт пен күш-қуат береді, — деді ата-аналар.
Мерекелік бағдарламаны қорытындылай келе, балалар өздеріне ерекше көңіл күй сыйлаған ата-аналарына алғыс айтып, барша қатысушыларды келе жатқан Жаңа 2026 жылмен құттықтады.
