Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері бірнеше рет алаяқтық жасаған ер адамды ұстады

Көлік полицейлері бірнеше рет алаяқтық жасаған Түркістан облысының тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 шілдеде Нұр-Сұлтан станциясындағы Желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне 23 жастағы азамат алдау және сенімге қиянат жасау арқылы оның 30 000 теңге сомасындағы ақша қаражаты мен құны 54 000 теңге тұратын танымал маркалы ұялы телефонын иемденген танымал емес адамға қатысты шара қолдану туралы өтініш білдірді, – деді Көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов.

С. Жолановтың айтуынша, 25 шілдеде дәл осындай арызбен Нұр-Сұлтан ст. ЖПБ-ға 27 жастағы әйел шағымданған. Ол оның інісінен 70 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын алдап алу фактісі бойынша белгісіз адамға қатысты шара қолдануды сұраған.Көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен Түркістан облысының тұрғынын анықтап, ұстады.

Күдікті толықтай өз кінәсін мойындады.

Жоғарыда аталған фактілер ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлімі, яғни, алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену және ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлімі 4-тармағымен, яғни, бірнеше рет жасалған алаяқтықбойынша Нұр-Сұлтан ст. ЖПБ-да сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, – дейді С. Жоланов. – Қазіргі уақытта құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның республиканың басқа аймақтарында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы баржоғы анықталуда.

Сондай-ақ, ол биылғы жылдың басынан бері департаментте 48 алаяқтық фактісі тіркеліп, оның 43-і ашылғанын еске салды.

Көлік полицейлері азаматтарға алаяқтардың арбауынан қырағы сақ болуды және алданып қалмау қажеттігін ЕСКЕРТЕДІ. Қандай жағдай болмасын белгісіз адамдарға жеке деректерді немесе басқа да құпия ақпаратарды беруге болмайды.Егер сіз алаяқтыққа тап болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру