Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері биыл пойыздардың шұғыл тежелуіне қатысты 846 фактіні тіркеді

Көлік полицейлері биыл пойыздардың шұғыл тежелуіне қатысты 846 фактіні тіркеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері көлік полицейлері пойыздардың шұғыл тежелуіне қатысты 846 фактіні тіркеген. Оның 474-інде теміржол бойында малдың болуы себеп болған. 

Мұндай жағдайлар әсіресе Қызылорда, Шу, Атырау және Семей станцияларының маңында жиі кездеседі.

–  Кезекті оқиға 19 тамызда Ақмола облысындағы ОП-42 – Бабатай аралығында болды. Жүк пойызының машинисі теміржол жолында ұсақ малдың жүргенін байқап, дереу шұғыл тежегішті іске қосты. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Соның салдарынан 5 бас мал қағылды, – деді көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов.

– Тексеру барысында малдың иесі анықталды. Ол Ақмола облысының 63 жастағы тұрғыны. Теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ол.

Көлік полицейлері ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін малды ұстау және бағу талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Үй жануарларын қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оны теміржол маңында және теміржолдың бөлінген жолағында жаюға жол бермеу қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру