Көлік полицейлері ел Президентінің жолдауы аясында алда атқарар жұмыстарды талқылады
Көліктегі полициясы департаментінде ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындау аясында алдағы атқарылатын жұмыстар талқыланды. Оған Астана қаласы мәслихатының депутаттары, департаменттің басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ онлайн режимде қосылған желілік бөлімшелердің қызметкерлері қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесуді ашқан департамент бастығы Бақытжан Малыбаев жиналғандарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың аталған стратегиялық құжатта ішкі істер органдарының алдында қойған басым міндеттерін жеткізді.
– Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау ісі Мемлекет басшысының ұдайы назарында. Президент жаңа Жолдауында да елімізде заң үстемдігі мен әділдікті сақтау қажеттігін мәлімдеді, – деді Б.Малыбаев.
Отырыс барысында Астана қаласы мәслихатының депутаты Талғат Ерғалиев сөз алып, Жолдаудың негізгі ережелеріне кеңінен тоқталды.
– Президент ұсынған бастамалар елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың заңды, яғни басты мақсат – қуатты әрі қарыштап дамыған мемлекет құру. Мемлекет басшысы азаматтардың өмір сүру деңгейін арттырудың, елдегі қауіпсіздіктің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың мемлекеттің басты назарында екенін тағы да нықтап айтты, – деді ол.
– Бүгінгі күні полицейлерге айырықша жауапкершілік жүктеліп отыр. Сіздер халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегендіктен, қызметтеріңіз азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ заңдылық пен әділеттілік қағидатын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс, – деп атап өтті Amanat партиясы төрағасының кеңесшісі Шыңғыс Қожахметов.
Ол полицейлердің нәтижелі еңбек етіп, заңға және Қазақстан халқына адал қызмет ететініне сенім білдірді.
Өз кезегінде іс-шараға қатысушылар Жодаудың өзектілігіне баса назар аударып, Мемлекет басшысы ұсынған реформаларды іске асыруда азаматтардың шоғырлануы қажет екендігін айтты.
– Полиция қызметкерлері Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуге, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық күш-жігерлерін жұмылдыруы тиіс, – деп департамент бастығы отырысты қорытындылады.
Кездесу соңында мекеме бастығы Amanat партиясының өкілдеріне Президент Жолдауын талқылауға белсенді атсалысқандары үшін алғыс білдіріп, оларға зор денсаулық, жұмыстарына табыс тіледі.