Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері ер адамның өмірін сақтап қалды

Көлік полицейлері ер адамның өмірін сақтап қалды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үйлесімді әрі жедел әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алып, жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болған жас жігіттің өмірін сақтап қалды.

Оқиға осы жылдың 26 маусымында болды. Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің патрульдік қызметінде жүрген полиция кіші сержанты Айдарбек Нұрсұлтан темір жолдардың үстінен өтетін аспалы көпірдің қоршауынан секіруге әрекет еткен азаматты байқады. Бір сәт те ұттырмай, полиция қызметкері жедел әрекет етіп, азаматтың қолынан ұстап, әңгімелесіп, оны ұстап тұруға тырысып, көмек келгенше уақытты созуға тырысты.

Көлік полицейлерінің үйлесімді және жедел әрекеттерінің, сондай-ақ Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің арнайы өрт сөндіру техникасымен бірге атқарған жұмыстары нәтижесінде азамат көпірден аман-есен түсіріліп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Тексеру барысында, қала тұрғынының отбасылық және тұрмыстық кикілжіңнің әсерінен ауыр өмірлік жағдайға душар болғаны анықталды. Оған қажетті моральдық-психологиялық көмек көрсетілді.

2024 жылғы қаңтардан бастап Нұрсұлтан Айдарбек ішкі істер органдарында қызмет атқарып келеді. Оның жедел әрекеттері мен кәсіби шеберлігі адамның өмірін сақтап қалуға септігін тигізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру