Көлік полицейлері есірткі тасымалдаған шетелдік азаматты ұстады
Көлік полицейлері есірткі тасымалдаған шетелдік азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көлік полицейлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Абай облысының Ауыл станциясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Новосібір – Бішкек бағытындағы жолаушылар пойызында 28 жастағы шетелдік азаматты анықтап, ұстады.
Қызметтік-іздестіру иті осы жолаушыға белгі беріп, жеке тінту кезінде одан марихуана табылды. Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Сот шешімімен күдіктіге 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.