Көлік полицейлері халықаралық және ұлттық спорт ареналарында үздік нәтиже көрсетті
Көлік полицейлері халықаралық және ұлттық спорт ареналарында үздік нәтиже көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдық мерейтойына орай Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы өтті.
Жарысқа 15 мемлекеттен 200-ден астам таңдаулы спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аталған дүбірлі додада көліктегі полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы Мұратбек Абуталипов 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жоғары шеберлік танытып, III орынды иеленді. Жүлделі орын алғаны үшін Мұратбек Абуталипов грамота және медальмен марапатталды.
Сонымен қатар Талдықорған қаласындағы "Жастар" спорт сарайында қазақ күресінен дәстүрлі "Жетісу барысы – 2025" турнирі өтті.
Жарысқа Жетісу облысының әр өңірінен іріктелген үздік балуандар қатысты. Тартысты бәсекеде арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының инспекторы Ернар Қабдолдаев та белсенділік танытып, үздіктер қатарынан көріне білді.
Ол жүлделі 3-орынға ие болып, грамотамен және 500 мың теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды.