Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін салтанатты түрде атап өтті

Көліктегі полиция қызметкерлері ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін салтанатты түрде атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусым — Қазақстан Республикасында маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі — Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде. Бұл — еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін, оның тарихы мен болашағын бейнелейтін ерекше күн. Осы мерекеге орай, көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Департамент ғимаратының алдында жеке құрам сапқа тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалған сәтте Мемлекеттік Ту көтерілді. Іс-шара барысында Көліктегі ПД бастығы Айдос Рысбаев жеке құрамды мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің әрбір азамат үшін маңыздылығын атап өтті.

- Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – бұл тек белгілер емес, бұл – халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігінің символы. Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту – әрбір азамат үшін қасиетті борышы. Олар Отанға адал қызмет етуге рухтандырып, патриотизм мен туған елге деген мақтаныш сезімін нығайтады. Еліміздің аспаны әрдайым ашық болсын, көк байрағымыз бейбіт аспанымызда желбірей берсін!, – деді Айдос Рысбаев.

Сонымен қатар ол барша жеке құрамға зор денсаулық, амандық және отбасыларына бақ-береке, жауапты қызметтеріне абырой мен сәттілік тіледі. Салтанатты мерекелік шара жеке құрамның саптық шеруімен аяқталды. Бұл бірлік, тәртіп пен ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісіне айналды. Атап айту керек, мұндай рәсім департаменттің барлық желілік бөлінісінде бір мезгілде өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру