Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері қысқы киім нысанына ауысты

Көліктегі полиция департаментінде жеке құрамның қысқы киім нысанына ауысуына байланысты саптық байқау өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға департамент басшылығы мен көлік полициясының барлық жеке құрамы қатысты. Департамент бастығының орынбасары Ондасын Аштаев формалық киімді, жетондар мен төсбелгілердің болуын, қызметтік куәліктердің сәйкестігін, сондай-ақ қызметкерлердің саптық даярлығы мен сыртқы келбетін тексерді.

- Мұндай саптық байқаулар полицейлердің саптық мәдениетін арттырып, тәртіп пен жинақылықты нығайтуға ықпал етеді. Тәртіп сақшысының ұқыпты сыртқы келбеті азаматтардың сенімін қалыптастырып, полиция органдарының беделін көтеруге мүмкіндік береді, — деді Ондасын Аштаев.

Қызметкердің сыртқы келбеті – оның ішкі тәртібі мен кәсіби біліктілігінің көрінісі. Саптық байқау салтанатты шерумен аяқталды. Департаменттің дәстүрлі саптық байқаулары барлық аумақтық бөліністе өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру