Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері синтетикалық есірткі заттарын өткізудің жолын кесті

Көлік полицейлері аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заттарын өткізудің жолын кесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысының 43 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам синтетикалық есірткі заттарын кейін сату мақсатында дозаға бөліп, жасырып жатқан сәтінде қылмыс үстінде қолға түсті.

Оның айтуынша, тексеру барысында ұсталған азаматтан жалпы салмағы 14 грамм болатын синтетикалық есірткінің 17 дозасы табылып, тәркіленді. Заңнамаға сәйкес, бұл мөлшер аса ірі көлем болып саналады. Көлік полицейлерінің кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде қауіпті психотроптық заттарды тарату арнасының жолы кесілді.

— Аталған факт бойынша Қарағанды — Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен айыпталушыға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп атап өтті полиция полковнигі.

Уақытылы жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде синтетикалық есірткінің қауіпті партиясының қара нарыққа түсуіне жол берілмеді. Сарапшылардың бағалауынша, полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында тыйым салынған заттардың зиянды әсерінен кемінде 50 адамның өмірі сақталып қалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру