Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері синтетикалық есірткіні жасырын таратқан күдіктіні ұстады

Көлік полицейлері синтетикалық есірткіні жасырын таратқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде есірткі заттарын жасырын орындар арқылы таратумен айналысқан күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 43 жастағы Астана қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсталған адамнан 5 грамнан астам Альфа-PVP синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Тергеу барысында ұсталған азамат синтетикалық есірткі заттарын әлеуметтік желілер арқылы сатып алып, оларды кейін Астана қаласы аумағында таратуды жоспарлағанын мойындады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының шешімімен күдікті кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Көлік полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты кез келген әрекет қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру