Көлік полицейлері "Учaске" жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады
Көлік полицейлері "Учaске" жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Теміржол көлігі нысандарында азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 1 желтоқсанына дейін көліктегі полиция департаменті "Учaске" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді.
Іс-шара барысында көлік полицейлері теміржолға іргелес аумақтарда профилактикалық жұмысты күшейтіп, халық арасында заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға және көлік қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ауқымды ақпараттық науқан өткізді.
"Заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету шеңберінде 57 175 аула аралау ұйымдастырылып, олардың барысында тұрғындарға теміржол инфрақұрылымы нысандарында қауіпсіз әрі құқыққа сай жүріп-тұру ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заң талаптарын сақтау мәдениетін нығайтуға бағытталған 43 863 профилактикалық буклет таратылды.
Кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінді: білім беру ұйымдарында "Теміржол – аса қауіпті аймақ" тақырыбында 1206 дәріс өткізілді. Кездесулер барысында полицейлер оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау мен жеке жауапкершіліктің маңызын еске салды.
Іс-шара кезінде көлік полицейлері 6 428 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ең жиі тіркелген құқық бұзушылықтар қатарында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйінде болудың 1595 жағдайы, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзудың 1056 дерегі, қоғамдық орындарды ластаудың 669 фактісі, ұсақ бұзақылықтың 157 жағдайы және басқа да құқық бұзушылықтар бар.
Өткізілген "Учaске" іс-шарасы теміржол көлігі нысандарында "Заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігіне айналды. Алдын алу, ақпараттық және бақылау шаралары кешені қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтар санын азайтуға және жазатайым оқиғалардың алдын алуға ықпал етті.
