Көлік полициясының жас қызметкерлері мұражайға экскурсия жасады
Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында мұражайда жас көлік полицейлеріне арналған экскурсия өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Конституция күніне орай Қазақстан Республикасының теміржол көлігі тарихының мұражайына барып, экскурсия жасады. Аталған іс-шара жас полиция қызметкерлерінің дүниетанымын арттырып, оларды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында департаменттің Ардагерлер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Мұражай қызметкерлері шақырылған қонақтарға аталмыш саланың даму кезеңдерін көрсететін тематикалық залдарға шолу жасап, экскурсия өткізді. Жас полицейлер Қазақстан аумағындағы теміржол құрылысының басталуы туралы экспозициялармен танысты.
– Көлік полицейлерінің қызметі теміржолмен тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан мереке қарсаңында біз жас полиция қызметкерлеріне қазақстандық теміржолдың құрылуы, қалыптасуы және дамуы туралы көбірек білу үшін экскурсия ұйымдастыруды ұйғардық, – деді КПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есболат Шаймерденов.
Жас тәртіп сақшылары ерекше әсер алып, танымдық экскурсия үшін алғыстарын білдірді.