Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған тағы да бір мас жүргізуші ШҚО-да ұсталды
Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған тағы да бір мас жүргізуші ШҚО-да ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының ортасында кешкі уақытта ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажы Шүлбі кентінде Автожанармай құю станциясы ауданын патрульдеу кезінде 41 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен ВАЗ көлігін тоқтатты, әңгіме барысында ер адамнан алкогольдің өткір иісі шықты.
Алкогольдік ішімдіктерді пайдалану фактісін тексеру үшін ер адам медициналық куәландырудан өтуге жіберілді, оның нәтижелері «орташа дәрежедегі» алкогольдік масаңдығын көрсетті.
Сонымен қатар, жүргізуші тамыз айында көлік құралын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айырылғаны анықталды.
–Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Құқық бұзушының өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.