Көлік сақшылары Ұлттық киім күнін атап өтті
Көлік сақшылары Ұлттық киім күнін атап өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Ұлттық киім күнін атап өтті. Күнделікті қызмет барысында полицей формасымен жүретін сақшылар бұл күні қазақы нақыштағы ұлттық киім үлгісімен жұмысқа шығып, төл мәдениетімізді ұлықтауға өз үлестерін қосты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ұлттық киім мәдениетін дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, оны күнделікті өмірде киюге шақырды. “Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ажарлы көрінеді”, – деді Мемлекет басшысы.
Көліктегі ПД бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов бұл бастаманың ұлттық құндылықтарды жаңғыртудағы рөліне тоқтала келіп: “Ұлттық киім – халқымыздың мәдени мұрасының жарқын көрінісі. Осындай мәдени іс-шаралар арқылы біз ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, халық ретіндегі бірегейлігімізді сақтай аламыз”.
Көлік полицейлері қазақы шапан, камзол, тақия сынды дәстүрлі киім үлгілерін киіп, мерекенің шырайын кіргізді. Сөйтіп, ата-бабамыздан қалған құндылықтарды насизхаттауға барынша үлес қосты.