Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік ұрлаған күдіктінің қылмыстық әрекеттері әшкереленді

Павлодар қаласында біреудің көлігін заңсыз айдап кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Павлодар қаласында патрульдік полиция батальонының инспекторлары Әсет Темешев пен Данияр Ибраев қызмет атқару барысында Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан шықпақ болған машинаны байқаған. Полицейлерді байқап қалған жүргізуші көлікті өшіріп, көлік салонынан бірдеңе іздегендей кейіп танытып, содан кейін мүлдем қашып кетпекші болған, алайда тәртіп сақшылары оны бірден ұстады, – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция қызметкерлері көлікті тексеру барысына оталдырғыштың бұзылғанын байқады. Мәліметтер базасын тексерген полицейлердің күдігі расталды. Бұл автокөліктің иесі ретінде басқа адамның деректері көрсетілгені анықталды.

Полицейлер дереу көлік иесіне телефон соқты, ол тіпті өзінің «темір тұлпарының» қолды болғанынан бейхабар болып шықты.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 200-бабымен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу)  сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру