Көлік жарыстары бойынша арнайы іс-шараны Алматы полициясы жүргізді
Көлік жарыстары бойынша арнайы іс-шараны Алматы полициясы жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік экипаждар түнгі жарысты жақсы көретіндердің жиналатын орындарын тексерді: жылдам жүргізуді ұнататындардың жоспарлары бұзылды.
– Құқықтық тәртіпті, оның ішінде Жол ережесін бұзушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылды. Гуілдеуішке резонаторлар орнату арқылы өз көліктерін заңсыз жабдықтаған 44 автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, өткен демалыс күндері қаланың жолдарындағы рейдтер кезінде патрульдік полиция мен мамандандырылған батальонның экипаждары 2 мың 611 жол ережесін бұзуды анықтады. Атап айтқанда, мас күйінде көлік жүргізген 17 жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан шеттетілді, апаттық жағдайды жасағаны үшін 69 автокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, басып озу және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 16, мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз көлік құралын басқарғаны үшін – 43, көлік құралын қасақана жалған МТНБ жүргізгені үшін – төрт, терезелерді қараңғылаған – 117 жүргізуші және т.б. жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар болашақта жалғасатын болады, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.