Көлік жарысын ұйымдастырған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды
Атырауда көлік жарысын ұйымдастырған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қаңтар күні Атырау қаласындағы Бейбарыс даңғылының бойында «Cadillac Escalade», «Nissan Skyline», » Toyota Hilux» автокөліктерінің жүргізушілері өзара жарысып, көліктерін жолдың жүріс бөлігіне қойып, жол қозғалысының өзге қатысушыларының қозғалысына кедергі келтірген бейне жазбасы әлеуметтік желілерде тараған.
8 қаңтар күні Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жарыс ұйымдастырған Атырау қаласының үш тұрғыны анықталды. Аталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының 3 бөлігімен (Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылып, жүргізушілердің әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.