Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізу құқығынан айырылған ақмолалық тағы да мас күйінде рөлге отырды

Ақмола облысында көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылған жүргізуші тағы да мас күйінде рөлге отырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қыркүйекте сағат 03:20 шамасында “Әскер 2” экипажының қызметкерлері қызмет көрсететін учаскеде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Зеренді ауданының 42 жастағы тұрғынының басқаруымен Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатты.

Жүргізуші Абай-Ғабдуллин көшелерінің қиылысындағы патрульдік көлікті көрген жүргізуші өзінің іс-қимылымен тәртіп сақшыларының назарын аударды.

– Бағдаршамның рұқсат беретін сигналы жанған кезде көлік орнынан қозғалмады, – дейді қызмет инспекторы Бекзат Жұмаенов.

Полицейлердің сол жаққа бұрылғанын көріп, жүргізуші бірден орнынан қозғалды. Әуезов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында автокөлікті қуып жеткен полицейлер көлікті тоқтатты. Сыртқы белгілері бойынша жүргізуші мас күйінде болған. Полиция қызметкерлері Б. Жұмаенов пен А. Аманбай жүргізушіні көлік құралын басқарудан шеттетіп, медициналық куәландырудан өтуді ұсынды. Сараптама тағайындалды.

Деректер базасы бойынша тексеру кезінде аталған азаматтың 2020 жылғы қаңтарда 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру