Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші мас халде ұсталды

Түркістан облысында екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларын жүргізуде. Мәселен, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ППР қызмет инспекторы Жандос Таймаханов қызметтік міндетін атқару барысында ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізушіні ұстап, апатты жағдайдың алдын алды. Нақтырақ айтсақ, полицей Ж.Таймаханов Түркістан қаласы Ғ.Мұратбаев көшесінің бойында маневр жасау қағидаларын бұзып бара жатқан автокөлікті тоқтатады. Тексеру кезінде «Nexia» маркалы көліктің иесі 2018 жылдың қаңтар айында Түркістан қаласы мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасап, көлік басқару құқығынан үш жылға айырылғаны анықталды. Сондай-ақ полицей жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенеді. Тәртіп сақшысы осы жайтты нақтылау үшін медициналық сараптамаға жүгінеді. Куәландыру қорытындысына сәйкес кінәлі жүргізушінің «орта дәрежелі» масаң күйде екені анықталды.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Жүргізушінің автокөлігі айыптұраққа қойылды. Қамауға алынды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын есте шығармағаны жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру