Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізудегі тәртіп – апаттың алдын алу жолы

Қыс маусымы жақындап келеді. СҚО-да полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерге көліктерін қысқы дөңгелекке дер кезінде ауыстыру қажеттігін еске салады. Бұл — алдағы күндері күтілетін жауын-шашын мен көктайғақтың алдын алу тұрғысынан өзекті шара, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәжірибелі жүргізушілер дөңгелек ауыстыру орындарында ұзын-сонар кезекке тұрып қалмас үшін күн суығанда алдын ала қамданады. Олар ауа райы құбылғанда жолда дөңгелектің сырғып кетпеуі маңызды екенін жақсы түсінеді.

Полиция қызметкерлері көлік иелеріне темір тұлпардың техникалық жағдайын тексеріп тұруды және жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Әсіресе, белгіленген жылдамдықтан аспау, маневр жасағанда абай болу және көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау өте маңызды.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар қызметінен келетін SMS-хабарламаларды елеусіз қалдырмау керек. Ауа райы нашарлаған жағдайда сапар жоспарын алдын ала өзгерткен дұрыс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру