Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторында қамауда
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны көлік айдау құқығынан айырыла отырып, көлік тізгіндегені үшін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының 5-7 күндері аралығында өткізіліп жатқан «Мас жүргізуші» жедел алдын алу шаралары аясында жұмыстар кезінде 2020 жылдың 06 ақпанында қала көшелерінің бірінде бұрылыс кезінде шамын жақпағаны үшін шет елдік көлік тоқтатылды. Талап етілген құжаттары жоқ болуымен қатар, жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені байқалды.
Сараптамаға жіберіліп,нәтижесінде көлік иесінің орта деңгейдегі мас күйін дәлелдеген. Тексеру барысында жүргізушінің бұған дейін де бірнеше рет мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаланып, соңғы рет 2016 жылы әкімшілік соттың шешімімен 5 жылға көлік басқару құқынан айырылғаны анықталды.
Көлік құралын ешбір құжатсыз және алкогольді күйде басқарғаны
үшін 32 жасар қала тұрғыны Өскемен қаласы Полиция басқармасының
уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.