Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі ПД бастығы халықпен онлайн-кездесу өткізді

Көліктегі ПД бастығы халықпен онлайн-кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

28 наурызда Көліктегі полициясы департаментінің бастығы Айдос Рысбаев халықпен онлайн-кездесу өткізді. Кездесу департаменттің ресми Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарында өтті. Оған 500-ге жуық азамат, соның ішінде әлеуметтік желі пайдаланушылары, Ардагерлер кеңесінің және Консультативтік-кеңесші органның мүшелері, сондай-ақ Көліктегі ПД желілік бөліністеріне келген әуе және теміржол ұйымдарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде А. Рысбаев 2024 жылы департаментпен қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізілгенін атап өтті. Өткен жылы көлік сақшылары 35,5 млн жолаушының және 437 млн тонна жүкті тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жалпы 1476 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Олардың ашылуы 69,5% құрады. Сондай-ақ 84 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Айдос Рысбаев ел Президенті тапсырмаларының орындалу барысы және "Заң және Тәртіп" қағидаты бойынша құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударды. Ішкі істер органдарының басты міндеті – адамға қарсы жасалған барлық қылмыстардың қатаң жолын кесу. Сонымен қатар ол полицияның сервистік моделі қоғаммен тығыз өзара іс-қимыл жасауға, азаматтарға сапалы қызмет көрсетуге және қауіпсіздікке қатысты мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталғанын айтты.

- Полиция қызметін бағалаудың негізгі критериі – қоғамдық пікір болып табылады. Біз азаматтардың барлық ұсыныстары мен сұрақтарына жедел әрі уақытылы жауап береміз, – деді спикер.

Былтырғы жылы азаматтардан 2,5 мың өтініш келіп түсті. Көліктегі ПД басшылығының жеке қабылдауында 16 азамат қабылданды, олардың көпшілігі департамент қызметінің түрлі бағыттары бойынша түсіндірме алуға қатысты болды. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

КПД бастығының айтуынша, халыққа ыңғайлы болу үшін теміржол вокзалдарында, әуежайларда және жолаушылар пойыздарында QR-кодтар орнатылған, солар арқылы 900-ге жуық азамат сауалнамаға қатысты. Нәтижесінде көлік полициясына құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықтың сенім деңгейі 87%-ды құрады.

- Ішкі істер министрі 2025 жылды – "Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде" деп жариялады. Бүгінгі күні алдын алу шаралары мейілінше күшейтілді және азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Басты міндетіміз – азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қылмыспен күресу және елдегі құқықтық тәртіпті нығайту, – деді Айдос Рысбаев.

Ол әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі үшін, полиция қызметкерлері заң мен Қазақстан халқына адал қызмет етіп, нәтижелі жұмыс атқару тиіс.

Кездесу барысында қатысушылар пойыздардағы қауіпсіздігі, кадр мәселелері және басқа да өзекті тақырыптар бойынша сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға түсіндірмелер берілді, ал қосымша зерттеуді қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды.

Айта кету керек, тікелей эфир кезінде азаматтар полиция қызметкерлеріне адал еңбектері үшін алғыс білдірді.

Іс-шара соңында Айдос Рысбаев барлық азаматтарға кездесуге белсенді қатысқандары үшін алғысын жеткізді. Сонымен қатар көліктегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысы Департамент басшылығының ұдайы бақылауында екендігін айтып, одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

Жауап қалдыру