Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі ПД бастығы саптық байқау өткізді

Көліктегі ПД бастығы саптық байқау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында еліміздің әуе және темір жол көлігі объектілерінде қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көліктегі полиция департаменті басшылығының қатысуымен саптық байқау өткізілді. Тәртіп сақшыларының сыртқы келбетінің ережелерге сәйкестігі мен қызметке дайындығы тексерілді. Оған департаменттің жалпы жеке құрамы мен әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасының Туы әкелініп, Әнұраны шырқалғаннан кейін көліктегі ПД-ның бастығы Айдос Рысбаев қызметкерлердің сыртқы келбеті мен киімдерінің жай-күйі, жетондар мен кеуде белгілерінің бар-жоғы, қызметтік куәліктерінің талаптарға сәйкестігі тексерді.

Тексеру барысы жеке құрамның жаңа жылдық мерекелерде қызмет етуге толық дайын екендігін көрсетті.

 – Қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды әрі жауапты міндет. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуі тиіс. Бұл ретте полиция қызметкерлері үйлесімді — әрі тиімді жұмыс істеуі қажет, – деді департамент бастығы.

Іс-шара салтанатты маршпен аяқталды.  

​​Еске сала кетейік, саптық байқау жауынгерлік дағдыларды жетілдіру, үлгілі келбетті қалыптастыру және әскери қызмет тәртібін нығайту мақсатында өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру