Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі полиция департаментінде жедел кеңес өтті

Көліктегі полиция департаментінде жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға желілік бөліністер басшыларының бірінші орынбасарлары және департамент аппаратындағы жедел қызметтердің басшылары қатысты. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қылмысқа қарсы күрес пен құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау.

Басқосу барысында жиналғандарға ҚР Президентінің ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдына қойған жаңа міндеттері егжей-тегжейлі жеткізілді. Атап айтқанда, қызмет көрсету аумағында құқық бұзушылықтарға жол бермеу, азаматтардың құқығының сақталуын қамтамасыз ету және жедел жағдайдың жай-күйіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру бойынша профилактикалық жұмысты күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын мүлтіксіз орындауға, әсіресе "Заң және тәртіп" қағидаты бойынша тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге баса назар аударылды.

Баршаға мәлім, 2025 жылды ішкі істер министрі "Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде" деп жариялады. Осыған сәйкес, ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, заңсыз көші-қон мен ауыр қылмыстарға дейінгі барлық құқық бұзушылыққа қатысты қатаң шаралар қабылдау қажеттігі тапсырылды. Қылмыстар тіркелген жағдайда, олар барынша жедел ашылуы тиіс.

Сондай-ақ кеңесте бірқатар желілік бөліністер басшыларының бірінші орынбасарларының есептері тыңдалды. Кеңес соңында жіберілген кемшіліктер анықталып, еліміздің әуе және теміржол көлігі объектілерінде қылмысқа қарсы іс-қимылды мейілінше күшейту, жедел жағдайдың жай-күйіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру