Көліктегі ПД-да «Донор күні» қайырымдылық акциясы өтті
Көліктегі ПД-да «Донор күні» қайырымдылық акциясы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көліктегі полиция департаментінде ҚР денсаулық сақтау министрлігінің трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесіп донорлық акциясы ұйымдастырылды. Көлік полицейлері трансфузиология орталығын үнемі қолдап, өз еркімен қан тапсырып, емдеу мекемелерін қажетті қанмен және оның компоненттерімен қамтамасыз етіп тұрады.
Барлық құрылғыларымен жабдықталған арнайы медициналық пункт департамент ғимаратында орналастырылды.
Қан тапсырар алдын көлік полицейлері құжаттарды толтырып, дәрігердің тексеруінен өтіп, қан қысымын өлшеді. Барлық қажетті процедуралардан өткеннен кейін әр қызметкер 450 миллилитр қан тапсырды.
Айта кету керек, көлік полицейлері мұндай акцияларға бірінші рет қатысып тұрған жоқ, көбісі үшін бұл дәстүрге айналған игі іс-шара. Мәселен, тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Ахмурзаев 2013 жылдан бастап жыл сайын қан тапсыруда. Содан бері ол донорлық қан бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға ықпал етеді деген сеніммен осындай акцияларға белсенді қатысып келеді.
Өз кезегінде дәрігерлер қанға мұқтаж жандарға донор болған көлік сақшыларына алғыстарын білдіріп, әр тамшы қан адам өмірін сақтап қалу үшін зор үлеc қосатындығын айтты.