Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі ПД-да І жартыжылдықтағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы шығарылды

Көліктегі ПД-да 2025 жылдың І жартыжылдығындағы жедел-қызметтік қызметтің қорытындылары шығарылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі ПД-да осы жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалған кеңейтілген отырыс өтті. Оған департамент басшылығы, аппарат қызметтерінің бастықтары, сондай-ақ желілік бөліністердің басшылары қатысты.

Департамент бастығы Айдос Рысбаев ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жүктеген негізгі тапсырмаларды жеке құрамға жеткізді. Атап айтқанда, профилактикалық жұмысты күшейту, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғаммен тиімді өзара іс-қимылды дамыту және “Заң мен Тәртіп” қағидаты негізінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылды.

Кеңес барысында департамент бастығы орынбасарларының баяндамалары тыңдалды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі жариялаған Профилактика жылы, сондай-ақ 2025-2030 жылдарға арналған қоғамда “Заң және Тәртіп” идеологиясын ілгерілету аясында департамент тарапынан бірқатар іс-шара жүзеге асырылғаны атап өтілді.

Баяндамашылардың мәліметінше, жыл басынан бері департаменттің қызмет көрсету аумағында 718 қылмыстық теріс қылық пен қылмыс тіркелген. Күшейтілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеген. Мәселен, қылмыстар 13,2%-ға, теріс қылықтар 21,8%-ға, алаяқтық деректері 54,2%-ға азайған. Сонымен қатар жалпы ұрлық қылмыстарының ашылу көрсеткіші жақсарған - 81,2%-ды құрады.

Әкімшілік полиция қызметкерлері 47 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Есірткі қылмысына қарсы күрес те жалғасуда – осы кезеңде 200 есірткіге қатысты құқық бұзушылық тіркеліп, 240 келіге жуық әртүрлі есірткі заты тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасатын болады.

Департаментте кадр саясатына ерекше назар аударылатыны атап өтілді: тәлімгерлік институтының, ардагерлер кеңесінің жұмысы жандандырылып, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Қорытындылай келе, департамент бастығы екінші жартыжылдыққа арналған негізгі міндеттерді айқындады. Атап айтқанда, сервистік модельді дамыту, құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту және кадрлық әлеуетті арттыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру