Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі ПД-да кадр қызметкерлеріне арналған кеңейтілген семинар-кеңес өтті

Көліктегі ПД-да кадр қызметкерлеріне арналған кеңейтілген семинар-кеңес өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінде кадр қызметтерінің, 2025 жылғы 1 тоқсандағы жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың жай күйі туралы кеңейтілген семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға департамент басшылығы, аппарат қызметтерінің бастықтары, сондай-ақ бөліністердің кадр жұмысы жөніндегі бастықтарының орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібінде кадрларды іріктеу және орналастыру, ішкі істер органдары қызметкерлерінің физикалық және психологиялық дайындығы, тәртіп пен заңдылықты сақтау, сондай-ақ тәрбиелік жұмыс мәселелері қаралды.

Көліктегі полиция департаментінің бастығы өз сөзінде тәртіп сақшыларының алдына қойылған негізгі мақсаттар мен міндеттерге тоқталды.

— Кадр саясаты – әрқашан өзекті мәселе. Ішкі істер органдарына қызметкерлерді іріктеу тек кәсіби, жеке және моральдық қасиеттеріне қарай жүзеге асырылуы тиіс. Полиция қызметкері терең білімді болуы тиіс. Егер біз азаматтардан заң талаптарын сақтауларын талап етсек, ең алдымен, өзіміз мінсіз болуымыз керек. Сондықтан басты міндетіміз – қызметтік-жауынгерлік даярлықты арттыру және жеке құрамның моральдық-жігерлік қасиеттерін нығайту, – деп атап өтті Көліктегі ПД бастығы Айдос Рысбаев.

Сондай-ақ департамент бастығы тәлімгерлік институтының маңыздылығына ерекше тоқталып, аға буын өкілдерінің өнегелі еңбек жолы жас қызметкерлер үшін баға жетпес тәжірибе екенін айтты.

Бұдан соң ол ел аумағындағы әуе және темір жол көлігі нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыспен күрес мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді.

Өз кезегінде департамент бастығының орынбасары Ондасын Аштаев заңдылық пен қызметтік тәртіпті нығайту бағытында жүргізілген іс-шаралар оң нәтижелер беріп отырғанын атап өтті.

— Бұл жұмыстарды одан әрі күшейтуіміз қажет. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, жою бойынша жұмысты жандандыру аса маңызды, – деді Көліктегі ПД бастығының орынбасары Ондасын Аштаев.

Семинар-кеңес барысында Көліктегі ПД аппаратының қызмет басшылары сөз сөйлеп, бөліністердің кадр жұмысы жөніндегі орынбасарларының есептері тыңдалды.

Іс-шара аясында ІІМ өкілдерімен “1С-Кадры” базасымен жұмыс істеу бойынша практикалық сабақтар өткізіліп, полиция қызметкерлерінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша білімдері тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру