Көліктегі ПД-да консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті
Көліктегі ПД-да консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көліктегі полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті. Оған департамент басшылығы, кеңес мүшелері және бейнеконференция режимінде қосылған КПД желілік бөлімшелерінің бастықтары қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: көліктегі ПД-да мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану барысы, департамент жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері, оның ішінде ІІО қызметкерлерінің әдеп нормаларын сақтаулары бағытындағы жұмыстың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету.
Отырысқа қатысушылар мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдаланудың маңыздылығын, сондай-ақ еліміздің басты атрибуттарына құрметпен қарау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар кеңес мүшелері мемлекеттік рәміздерді қолдану саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілерге, соның ішінде “Мемлекеттік рәміздер туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, ел Конституциясына, мемлекеттік рәміздерді орналастыру ережелеріне және т. б. мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды.
– Полиция қызметкерлері арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе отырып, жоғары моральдық стандарттарды сақтау – бұл қоғамның ішкі істер органдарына деген сенімін қалыптастырудың негізі. Бұл тек тәжірибе мен құзыреттілікті ғана емес, сонымен қатар мінсіз жеке қасиеттерді талап ететін күрделі және өте жауапты миссия. Көлік полицейлері алдағы уақытта да мемлекет пен халықтың мүддесі жолында адал қызмет ететініне сенім білдіремін. Біз үшін “Заң мен тәртіп” әрқашан басымдыққа ие, – деп атап өтті көліктегі ПД бастығының орынбасары Қалижан Қобландин.
Кеңес соңында Қ. Қобландин заң бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың полицияға деген сенім деңгейін арттыру бойынша желілік бөліністердің басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Естеріңізге сала кетейік, консультативтік-кеңесші орган құқық қорғау органдары қызметінің жариялылығы мен ашықтығы қағидаттары негізінде жұртшылықтың полициямен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.