Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі ПД-да цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді

Көліктегі ПД-да цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Цифрлық технологияларды ішкі істер органдарына енгізу – құқық бұзушылықтармен күресу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау ісіндегі маңызды бағыттардың бірі. Қызметкердің техникалық жарақтандырылуы мен жұмыс орнының заманауи талаптарға сай жабдықталуы – оның қызметінің нәтижелілігіне тікелей әсер ететіні сөзсіз.

Осыған байланысты көліктегі полиция департаментінде "Seven Hills of Kazakhstan" компаниясының өкілдері "1С:Кадрлар" ақпараттық жүйесін енгізу және пайдалану бойынша оқу сабағын өткізді. Оқытуға департамент аппаратының кадр қызметкерлері мен желілік полиция бөліністері бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Сабақтың басты мақсаты – жеке құрам деректерін электронды форматта есепке алу жүйесін меңгеру және оны нақты қызмет барысында тиімді қолдану болды. Спикерлер қазіргі заманғы кадрлық есеп жүйесінің маңыздылығын атап өтіп, "1С:Кадрлар" бағдарламасы арқылы кадр қызметінің жұмысын автоматтандыру мүмкіндіктерін таныстырды. Аталған жүйе департамент пен оның құрылымдық бөліністерінде жұмыс істейтін қызметкерлер туралы барлық ақпаратты бірыңғай деректер базасында жинақтауға мүмкіндік береді.

Бағдарламада қызметке қабылдау, ауыстыру, лауазымдық өзгерістер, еңбек шарты талаптарының жаңартылуы, жұмыстан босату және қызметке қайта қабылдау сияқты кадрлық рәсімдер толық қамтылған. Сонымен қатар жұмыс және демалыс кестелері, кадр қажеттілігін жоспарлау және талдау, құжат айналымын жүргізу секілді функциялар да жүйенің құрамына енеді.

Сабақ барысында қатысушылар жаңа жүйемен жұмыс істеудің тәртібімен жан-жақты танысып, тәжірибелік дағдыларды меңгерді. Сонымен қатар оқыту кезінде туындаған сауалдарға мамандар тарапынан толық жауап берілді.

Жалпы іс-шара мазмұнды әрі пайдалы өтті. Ол цифрлық басқару жүйесінің тиімділігі мен кадр қызметінің сапалы жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдардың бірі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру