Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі полицейлер ұшақта темекі шеккен құқық бұзушыны ұстады

Көліктегі полицейлер ұшақта темекі шеккен құқық бұзушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе кемелерінің бортында жасалған 574 құқық бұзушылықты анықтады. Қоғамдық орындарға мас күйде келу бойынша 351 факті, әуе кемесінің бортында темекі шегудің 146 фактісі тіркелген.

Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне Орал – Алматы бағытындағы әуе рейсінің жолаушысы акт бойынша берілді. Тексеру барысында көлік полицейлері 33 жастағы Армения Республикасының азаматын анықтады.

Ол ұшу кезінде авиациялық қауіпсіздік талаптары мен қолданыстағы тыйымды елемей, әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккен. Жолаушының әрекеті үшін заң аясында шара қолданылды. Шетелдік азамат әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Еске саламыз, әуе кемелерінің бортында темекі шегуге және кез келген темекі өнімдерін пайдалануға қатаң тыйым салынады. Ұшу қауіпсіздігі – әрбір жолаушының жауапкершілігінен басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру