Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі полиция департаментінде ардагердің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті

Көліктегі полиция департаментінде ардагердің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінде ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полиция подполковнигі Валентина Романюктің 80 жасқа толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған департамент басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері мен ардагерлер қатысты.

Көліктегі ПД бастығы Айдос Рысбаев ардагерді құттықтап, оның көпжылдық адал еңбегі мен кәсібіне деген беріктігін атап өтіп, көлік полициясының дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді.

Валентина Ивановна 1945 жылдың 26 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Целиноград педагогикалық институтын аяқтағаннан кейін, 1978 жылы Целинный көлік милициясы бөлімінде қызмет жолын бастаған. 1980 жылдан бастап көліктегі Целинный ІІБ-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы болып еңбек етті. Ал 1997 жылы көліктегі Орталық ІІБ-ның секретариат бастығы қызметінен зейнетке шықты.

Қызметтік жылдарында ол "Мінсіз қызметі үшін" І, ІІ және ІІІ дәрежелі медальдарымен марапатталды, сондай-ақ ҚР ІІМ-нің Құрметті ардагері атанды. Зейнетке шыққаннан кейін де қоғамдық қызметтен қол үзбей, ардагерлер ұйымының белсенді мүшесі ретінде жас қызметкерлерге тәлімгерлік жасап, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп келеді. Ол патриоттық шараларға ұдайы қатысып, жеке құрам алдында сөз сөйлейді.

Әріптестері ардагердің еңбекқорлығы мен кәсіби шеберлігін, өмірлік жігерін ерекше атап өтіп, қызметке адалдығы үшін ризашылық білдірді. Олар Валентина Ивановнаға зор денсаулық, отбасылық амандық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Салтанатты жиын соңында мерейтой иесіне естелік сыйлықтар, алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру