Көліктегі полиция департаментінде Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Көліктегі полиция департаментінде Ардагерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған Департамент бастығының орынбасары Оралбек Омаров, департамент жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Онда ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы 8 айдың қорытындысы бойынша төрағаның есебі мен алдағы кезеңге арналған басым міндеттері айқындалды. Іс-шараға қатысқан О.Омаров кеңес мүшелеріне белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да қоғамдық құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыстардың жемісті болатынына сенім білдірді. Ол департамент жанындағы кеңестің ішкі істер органдары қызметкерлері мен сала қызметінің беделін нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Күн тәртібін талқылау барысында отырысқа қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, бірқатар ұсыныстарын айтты. Кеңес мүшелері барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешім қабылдады. Бұған қоса, кеңес мүшелері полиция жұмысын жақсарту, халықтың сенімін арттыру, халықты көлік полициясы қызметінің өзекті мәселелері туралы жан-жақты әрі сенімді ақпараттандыру жөнінде ұсыныстар енгізді.