Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі полиция департаментінде кеңейтілген кеңес өтті

Көліктегі полиция департаментінде ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Адиловтың төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиында 2024 жылғы жедел қызметтік жұмыстың қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды. Оған департамент басшылығы, аппарат қызметтерінің, сондай-ақ желілік бөліністердің басшылары мен жеке құрамы қатысты.

Көліктегі ПД бастығы Айдос Рысбаев өз сөзінде ҚР Президентінің тапсырмаларының орындалу барысына тоқталып, «Заң және тәртіп» қағидаты бойынша тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге баса назар аударды.

– Ішкі істер органдарының негізгі міндеті – жеке адамға қарсы барлық қылмыстың жолын кесу. Көлік нысандарында азаматтар өздерін толық қауіпсіз сезінулері үшін құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды барынша күшейтуіміз қажет, – деді ол.

Айталық, 2024 жылы көліктегі ПД қызметкерлері еліміздің әуе және теміржол көлігі объектілерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді шараларды жүзеге асырды. Жедел қызмет көрсету аумағында барлығы 1476 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Қылмыстардың ашылуы 70,6 пайызды құрады. Жүргізіліп жатқан ұйымдастырушылық-практикалық кешенді шаралардың нәтижесінде қылмыс саны 26%, оның ішінде ауыр қылмыстар 26,3%, ауырлығы орташа қылмыстар 27,4% және онша ауыр емес қылмыстар саны 26,6% төмендеді. Сондай-ақ алаяқтық қылмыстары 39,1%, ал бөтеннің мүлкін ұрлау 28,8% азайды.

Қабылданған шаралардың арқасында кісі өлтіру, зорлау,  тонау қылмыстары тіркелген жоқ. Осы жылы бұл бағыттағы жұмыстар белсенді түрде жалғасады.

Санжар Адилов жеке құрамға ішкі істер министрі Ержан Саденовтың ІІМ алқасының кеңейтілген отырысында берген негізгі талаптары мен тапсырмаларын жеткізді.

– Баршаңызға мәлім, 2025 жыл Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп сапында жылы деп жарияланды. Біздің алдымызға профилактикалық іс-шараларды күшейту, сонымен қатар азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша нақты міндеттер қойылды. Басты міндетіміз – азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, сондай-ақ қылмысқа қарсы күресті нығайта отырып, тұрақтылықты қамтамасыз ету болып қала береді, – деді Адилов.

Жиынды қорытындылаған А.Рысбаев департаменттің аппарат қызметтері мен желілік бөлімшелері басшыларының алдына қылмыстарды анықтау және ашу, кадрлық әлеуетті жетілдіру, қызметтік-жауынгерлік даярлықты нығайту және жеке құрамның тәртіп пен заңдылықты сақтауы бойынша бірқатар міндеттер жүктеді. Кеңейтілген кеңес соңында департамент бастығы ішкі істер министрінің орынбасарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру