Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті

Көліктегі полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды: полиция қызметкерлеріне қатысты жеке құрам инспекциясына келіп түскен шағымдарды қарау, сондай-ақ патрульдік және әкімшілік полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне байланысты азаматтардың "Электрондық өтініштерін" талдау және талқылау.

Отырысқа департамент бастығының орынбасары О.Аштаев, ККО төрағасы А Жарылқағанов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі А.Тасболатов, сондай-ақ "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ның инспекторы Е.Мусатаев, ҚР ІІМ ардагері Б. Нұрмағамбетов және ТжКЖБ бастығы Д.Аитов қатысты.

Отырысқа қатысушылар полиция мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимыл, қызметтік тәртіптің сапасы және құқық қорғау органдары жұмысының ашықтығы мәселелері бойынша конструктивті пікірталас өткізді.

Өз кезегінде Александр Тасболатов баяндамашыларға нақтылаушы сұрақтар қойып, өтініштерді қарау ашықтығы мен өтініш берушілермен кері байланыс мәселелерін көтеріп, маңызды тақырыптарды ортаға салды.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар өтініштерді қарау мерзімдері мен сапасына бақылауды күшейту, сондай-ақ көлік полициясына халықтың сенімін арттыру мақсатында ведомствоаралық және қоғамдық өзара іс-қимылды нығайту жөнінде шешім қабылдады.

ККО-ның жұмысы тұрақты негізде жалғасады, бұл құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам арасындағы тығыз диалогты дамытуға, сондай-ақ көліктегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы қызметтің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру