Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі полиция департаментінде жедел кеңес өтті

Көліктегі полиция департаментінде жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға департамент басшылығы, департамент аппараты қызметтердің басшылары, сондай-ақ желілік бөліністер бастықтарының қызмет жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – әкімшілік полиция, көші-қон қызметі, арнайы және жұмылдыру даярлығы бөліністерінің жұмыс тиімділігін арттыру. Жедел кеңес барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын мүлтіксіз орындауға, әсіресе "Заң және тәртіп" қағидаты бойынша тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге баса назар аударылды.

Баршаға мәлім, 2025 жылды ішкі істер министрі "Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде" деп жариялады. Осыған сәйкес, профилактикалық іс-шараларды күшейту және азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлеріне нақты міндеттер қойылды. Атап айтқанда, адамдар көп жиналатын орындарда, әсіресе, ел аумағындағы әуежайлар мен теміржол вокзалдарында құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және жедел жағдайды тұрақты бақылауда ұстау міндеттері белгіленді. Осыған орай, заңсыз көші-қонға, ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, ауыр қылмыстарға дейінгі барлық құқық бұзушылыққа қатысты қатаң шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Кеңес барысында бірқатар желілік басқармалар мен бөлім бастықтарының қызмет жөніндегі орынбасарларының есептері тыңдалды. Қорытындылай келе, жол берілген кемшіліктер анықталып, республикамыздың әуе және теміржол көлігі нысандарында қылмысқа қарсы күрес бойынша басым міндеттер белгіленіп, жедел жағдайды тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру