Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктен әмиян ұрлаған түркістандық ер адам ұсталды

Түркістандық полицейлер көліктен әмиян ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келеді. Оның айтуынша, түскі уақытта үйінің алдында тұрған көлігіне белгісіз адам заңсыз кіріп, ішіндегі әмиян мен банк карточкасын жымқырып кеткен. Оқиғаны полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алып шұғыл іздестіру жұмыстарын жасады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары тәулік ішінде орта жастағы азаматты жергілікті мекенжайынан анықтап бөлімшеге жеткізді.

Белгілі болғандай күдікті деп танылған азаматтың жұмыссыз және бұрын сотты болғаны анықталды. Айғақты зат ретінде ұрланған әмиян мен банкомат карточкасы алынып, заңды иесіне қайтарылды. Сондай-ақ білікті полицейлер күдіктінің бұдан басқа тонау қылмысына қатысы барын анықтады. Қазіргі таңда ұсталған ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қамауда.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға өз мүліктеріне ие болуды, қараусыз қалдырмауды ескертеді. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» нөмірі арқылы полицейлерге хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру